Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда мас жүргізуші ірі жол апатына себепші болды

Ақтауда мас жүргізуші ірі жол апатына себепші болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

1 қыркүйекте сағат 01:30 шамасында 19-шағын аудан 35 үйге қарама қарсы жолда жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ішкілікті күйде үйдің алдындағы бүйірлік қашықтықты сақтамай, Toyota Prado, Nissan Tiida, Kia Optima автокөліктеріне соқтығысқан. Бұдан кейін кінәлі жүргізуші автомобиль жолына шығып, қозғалыссыз тұрған Honda Odyssey көлігімен қақтығыс жасады. Бұдан әрі кедергі туындағанын ескермей, жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай Toyota Land Cruiser және инерция бойынша Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.

Назар аударыңыз, видеода бейәдеп сөздер бар!

Зардап шеккендер жоқ.

Toyota Camry автокөлігінің иесіне ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізуші қалалық әкімшілік соттың шешімі бойынша 20 тәулікке Ақтау қаласы полиция басқармасының арнайы қабылдағышына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру