Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда жасөспірімдер арасында шахматтан ашық турнир ұйымдастырылды

26 тамызда “Біз нашақорлыққа қарсымыз!” тақырыбында Ақтау қаласы жасөспірімдер арасында облыстық ПД полицейлері шахматтан ашық турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара 14-шағын ауданы маңындағы теңіз жағалауында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шахмат спортын насихаттау және облыстағы шахматшылардың достық пен сыйластыққа негізделген қарым-қатынасын нығайту.

Турнирді Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы мен “Біз спорт үшін есірткіге қарсымыз!” Қоғамдық бірлестігімен, сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімдігі, спорт басқармасының қолдауымен өткізілді.

Аталған шараның ең кішкентай қатысушы – 5 жаста. Турнирге 50-ден астам қатысушы қатысты. Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, грамоталар, естелікке шахмат тақтасы табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру