Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда жүргізуші мас күйінде рөлге отырған

Ақтауда жүргізуші мас күйінде рөлге отырғаны үшін жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамызында сағат 16.00-де 13 шағын ауданда Ақтау қаласы ПБ ЖПҚ патрульдік полиция батальонының “Сұңқар-4” қызметкерлері 66 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Toyota Camry” маркалы автокөлігін тоқтатты.

Анықталғандай, бұл тәртіп бұзушы екі жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. Алайда, бұл оны тоқтатпады және ол қайтадан заңды бұзды. Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам рульге жаңадан мас болып отырса, ол “Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе мұндай адамның көлік құралын басқаруға рұқсаты” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

– Сот қылмыскердің бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде көзделген айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарынан, бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру сияқты нақты қандай жазаға тартылатынын анықтайды, – деп хабарлады Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру