Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшеден тұрғынның телефонын алдап алып кеткен ер адам ұсталды

Ақтөбеде тұрғындарды алдап, өтірік сылтаумен телефонын сұрап, қашып кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілдеде 1982 жылы туған ақтөбелік сотты болған ер адам Әбілқайыр хан даңғылы бойынша алаяқтық жолмен қоңырау шалу сылтауымен сенімге кіріп, қала тұрғынының “Samsung” маркалы ұялы телефонын алып, оны қайтармаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 80 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталды, өз қылмысын толық мойындап отыр.

Тағы бір жағдай, 1 тамыз күні сағат 13:30-да белгісіз ер адам 1970 жылы туған ақтөбелікке тиесіліОрромаркалы смартфонын алып кеткен. Шығын 51 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша күдікті анықталды, ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 1970 жылы туған ақтөбелік болып шықты.

Сондай-ақ, 4 тамыз күні кешке бейтаныс жігіт Тургенев көшесіндегі үйдің ауласында өзінің “Instagram” аккаунтын қарау сылтауымен сенімге кіріп, 1989 жылы туған ақтөлікке тиесілі “Samsung А10″ смартфонын алдап, алған. Шығын 35 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша деректер базасы бойынша 1984 жылы туған Ясное ауылының тұрғыны болып шыққан күдікті анықталды. ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

– Ақтөбеліктерді көшеде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен, көпшілік жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте қырағы болуға шақырады. Шамадан тыс сақтық артық етпейді, керісінше сіздің мүлкіңізді зиянды адамдардың қол сұғуынан сақтайды, – деп қоса кетті ПД бастығының орынбасары Нұрмағамбетов Қанат.

Полиция департаменті ұялы телефондармен ұсақ алаяқтықтың жиілеп кетуіне байланысты ақтөбеліктерді қырағы болуға және өздерінің бағалы заттарын бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру