Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ҚАЖД мекемесінде дәріс өткізілді

Ақтөбе облысы ҚАЖД мекемесінде дәріс өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесінде сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді.

Дәріс барысында қатысушыларға вирустың берілу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар жеке денсаулықты сақтау және инфекцияның таралуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы атап өткендей:

- АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттану деңгейін арттыру жауапты мінез-құлықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әр адам қауіп-қатерді түсініп, өзін және айналасындағыларды қалай қорғау керектігін білуі тиіс, - дейді.

Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылықты арттыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру