Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында алаяқ әріптесінің атына несие рәсімдеген

Ақтөбе облысында алаяқ әріптесінің атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ырғыз ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық туралы айтып, арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның атына 100 мың теңгеге несие рәсімдеген. «Ізін суытпай» полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті әйел аудан тұрғыны және жәбірленушінің әріптесі болып шықты. Тергеу барысында күдіктінің әріптесінен қоңырау шалу үшін ұялы телефонын сұрап алып банктік қосымшасына кіріп несие рәсімдегені анықталды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру