Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда танысының пәтерінен ноутбукты қолды қылған азамат ұсталды

Қарағандыда танысының пәтерінің кілтін ұрлап, ноутбукты қолды қылған азамат ұсталды, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты октябрь полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, ноутбук ұрлап кеткені туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі 634 мың теңгені құраған.

Оқиға орнына тексеріс жүргізген полиция қызметкерлері ұрының пәтерге кілт таңдау арқылы кіргенін анықтады. Алайда пәтерде ештеңе шашылмаған. Ұры тек ноутбукты алған және оның қай жерде тұрғанын білген. Сондықтанда тәртіп сақшылары ұрының бұл пәтерді білуі мүмкін деген шешімге келді. Сондай-ақ жәбірленуші полиция қызметкерлеріне бірнеше күн бұрын үйінің кілтін жоғалтқанын айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің сіңлісінің досы екені белгілі болды. Күдікті жәбірленушінің сіңдісіне келіп жүргенде ноутбукқа көзі түсіп, үйге келгенде пәтердің кілтін ұрлап кетіп, ұрлыққа түскен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру