Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада “Қоғамдық қауіпсіздік” жедел алдын алу іс-шарасы барысында телефон ұрысы анықталды

Елордада “Қоғамдық қауіпсіздік” жедел алдын алу іс-шарасы барысында телефон ұрысы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, курьер оның Samsung телефонын ұрлағанын хабарлаған. Ұялы қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан ер адам түнде құны 120 мың теңгеге жуық ұялы телефонды жеткізгені анықталды. Содан кейін жәбірленушіден бір стақан су беруін өтініп, ол болмаған кезде қылмыстық ниетпен дәліздегі сөреде қалған ұялы телефонды пәтерден алып шыққан.

Іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғынын анықтады, ол өз кінәсін мойындады. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, елорда аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында “Қоғамдық қауіпсіздік” жедел-алдын алау іс-шарасы өтіп жатыр. Бұдан басқа, ІІО есебінде тұрған адамдарды, қару иелерін тексеру жүргізіліп жатыр.

Іс-шара басталғаннан бері 6 300-ге жуық саяжай және қараусыз қалған үйлерді аралау жүргізілді, 6 226 қару иелері, ІІО-да есепте тұрған 12 167 адам тексерілді.

Сондай-ақ 20 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 249 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 753 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде пайда болу фактілері. Тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген 5 250 азамат анықталды. Мас күйде автокөлікті басқар 164 жүргізуші анықталды.

Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына 62 кәмелетке толмаған орналастырылды. Қабылдап-тарату орнына 274 адам орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру