Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында бір күнде иесіз жүрген 148 бас ірі қара мал арнайы қораларға орналастырылды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында бір күнде иесіз жүрген 148 бас ірі қара мал арнайы қораларға орналастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы аптада ауданда мал ұрлығының екі тобы ұсталды. Күдіктілер далада иесіз жайылып жүрген малдарды ұрлап кеткен. Айта кету керек, негізінен мал жайылымнан ұрланады, онда малдар ұзақ уақыт қараусыз қалады, ал иелері мал басын есептемей, бір реттік бақылаумен шектеледі.

– Еркін жайылымнан мал ұрлау оңайырақ, қаңғыбас жануарлар автокөлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді, жайылымнан малдың кетіп қалуы іздестіру шаралары кезінде полиция күшін толық жұмылдырады. Ұйымдастырылған мал жаюға көшкен ауданның ауылдарында басым бөлігі бақташылармен және жергілікті әкімдіктермен үш жақты шарттар жасасқан, соның нәтижесінде мал ұрлығы азаюда. Сондай-ақ, ережелер міндетті түрде таңбалауды және тегтеуді талап етеді, бұрын бұл ұсыныс шаралары болған. Бірқатар тыйымдар да  енгізіледі, мысалы, ауырған малды жайылымға шығаруға болмайды. Хромтау ауданында 15 алаң дайындалды, онда мал иелері анықталғанға дейін иесіз малдар жергілікті атқарушы органдар есебінде орналастырылады. Тек бір күннің ішінде полицейлер қораларға иесіз жүрген 148 бас ірі қара малды қамады, 14 мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – дейді Хромтау полиция бөлімінің бастығы Құралбек Шарбақов.

Ірі қара мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әрқайсысы сегіз мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Жыл басынан бері облыста осындай төрт мыңнан астам бұзушылық тіркелді. Полиция департаменті еркін мал жайылымы мал ұрлығының бірден-бір себебі екенін айтады.Сондай-ақ, жануарлардың жолдарда кенеттен пайда болуы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру