Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген 176 бас мал арнайы қораларға қамалды

Ақтөбе облысында иесіз жайылып жүрген 176 бас үй жануарлары арнайы қораларға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығының алдын алу және ескерту мақсатында ағымдағы жылғы 24-30 маусым аралығында Ақтөбе облысы Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Шалқар ауданының аумағында “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Жедел алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері мал ұрлығының екі фактісін анықтады.
Сондай-ақ жеті күн ішінде мал және ет өнімдерін тасымалдаған 14 автокөлік, мал және ет өнімдерін сататын алты орын тексерілді. Сонымен қатар крестьян шаруашылықтары, мал бағу нүктелері мен фермалар тексерілді, онда тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаудың үш фактісі анықталды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасау үшін ветеренарлық қызметке материалдар жолданды.

Ауылдық учаскелік полиция инспекторларымен малдарды қараусыз қалдырудың 14 фактісі анықталды. Кейіннен 176 бас мал Жергілікті атқарушы орагандар құрған мамандандырылған қораларға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру