Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер заңсыз балық аулаған екі ауыл тұрғынын анықтады

Павлодар облысында полицейлер заңсыз балық аулаған екі ауыл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 маусымда сағат 23:00 шамасында Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында учаскелік полиция инспекторы Ертіс өзенінің затонында капрон жіптерінен жасалған тормен балық аулаған екі ауыл тұрғынын ұстады.

– Дәл осы кәсіптің үстінде оларды учаскелік полиция қызметкері тапты. Балық аулауды ұнататындардың торында барлығы 11 кг-нан астам “плотва” тұқымдас балық ұсталды, – деп хабарлады Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Полиция ауыл тұрғындарына қатысты заңсыз балық аулағаны үшін ҚР ӘҚБК 383-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалғанын атап өтті. Материалдар сотқа жіберілді. Бұдан басқа, Экология департаментіне құқық бұзушыларға табиғатқа келтірілген зиянды және заңсыз өндірілген өнімнің құнын өтеуге тура келетін залалды анықтау туралы сұрау жіберілді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер балықты заңсыз аулағаны үшін 247 балық сүйер қауымды жазалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру