Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында көлік басқарған кәмелетке толмаған балалар ұсталды

Ақтөбе облысында көлік басқарған кәмелетке толмаған балалар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 тамызында сағат 21:30-да Қобда ауданы ПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері Қобда ауылы Әбілқайыр хан көшесінде ВАЗ-2114 көлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі және үш жолаушының өзімен бірге ешқандай құжаттары болмаған.

​Тексеру барысында көлік басқарған кәмелетке толмаған баланың Шалқар қаласының тұрғыны екені анықталды, оның жүргізуші куәлігі де, көлік айдауға сақтандыру полисі де жоқ. Оның жанындағы барлық жолаушылар, Шалқар қаласының кәмелетке толмаған тұрғындары болып шықты.

​Заңды өкілдер тарапынан қадағалаусыз қалғаны үшін кәмелетке толмағандар Ақтөбе облыстық “Аяла” балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Автокөлік Қобда ауданының ПБ айыппұл тұрағына қойылды.

​Аталған факті негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-тармағы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Тағы бір дерек 8 тамыз күні орын алды. Самара-Шымкент тас жолында патрульдік полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Ол ҚР ЖҚЕ бұзып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Бұл аталған жол-қозғалыс ережесін бұзу дерегіне байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 5-тармағы ( Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру