Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында күн сайын карантин режимінің сақталуы бақылауда тұр

Ақтөбе облысында күн сайын карантин режимінің сақталуы бақылауда тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілуіне байланысты Полиция департаменті қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және мемлекеттік санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, карантиндік режим сақталуы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Атап айтқанда, олар 8 мөлтек ауданы, Батыс-2, Москва, ескі қала аудандарында азық-түлік сататын дүкендер және қоғамдық тамақтану объектілер тексерілді. Рейд барысында тексерілген объектілердің карантин режимін сақтамағаны анықталды. Оларға каратиндік режимді сақтау қажеттілігі туралы қатаң ескерту жасалды.Тексеру нәтижесінде, бес карантин режимін бұзушылық фактілері анықталып, полиция учаскелік инспекторларымен жинақталған құжаттарды Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен тауарлар қауіпсіздігін сақтау департаментіне шара қолдануға жіберілетін болады. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аумағында қатаң шектеу және карантиндік шаралар енгізілгеннен бастап, карантин режимін бұзғаны үшін 20-дан астам құқық бұзушылықтар анықталып, жиналған құжаттар құзырлы мекемелерге шара қолдануға жіберілді. Полиция департаменті барлық тұрғындарды қабылданатын шараларға түсіністікпен қарап, карантин режимін сақтауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру