Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ мектеп автобусының жүргізушісі анықталды

Ақтөбе облысында тиісті санаты жоқ мектеп автобусының жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында тиісті санаты жоқ мектеп автобусының жүргізушісін анықтады. Автобус балаларды бау-бақша ұжымдарынан мектепке тасымалдаған. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, автобус арнайы тұраққа қойылды.

Тағы бір жағдайда ГАЗель автокөлігінің жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушісі мас күйінде бір кәсіпорынның қызметкерлерін тасымалдауды жүзеге асырған.

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, ал жүргізуші әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ кәсіпорын басшылығы мас күйдегі және жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушіні желіге шығарғаны үшін жауапқа тартылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының аумағында 22-25 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру