Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Қызылордадағы түзеу мекемесінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде қазіргі таңда жазасын өтеушілер арасында 88,4 пайызы жұмыспен қамтылған.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ж.Әбдіқайыровтың төрағалық етуімен жеке кәсіпкерлермен жиын өткізілді. Бұл шараға Қызылорда облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Махмут Алмас, жергілікті басқару бөліміне қарасты еңбек қорғау бөлімінің маманы Болат Досымов пен мекеме бастығының орынбасары Абай Битаев қатысты.

Кездесудегі мақсат – сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындағы  қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды.

Департамент бастығының орынбасары кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екенін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек деді. Жиын соңында мекеме бастығының орынбасары А.Битаев жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.

Жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, көлік жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру