Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді
Биылғы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың 32,1% – ға төмендегені байқалады. Қазіргі уақытта полицияда профилактикалық есепте 78 жасөспірім, тізімдік есепте 303 жасөспірім тұр. Облыс бойынша 732 бала тәрбиеленетін 432 жағдайы төмен отбасы бар.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қамқорлықсыз және қорғансыз қалған 94 бала және қадағалаусыз, панасыз қалған 24 бала жеткізілді. Сот органдары арқылы девиантты мінез-құлықты арнайы мектепке бір жасөспірім жіберілді.
– Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын – сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін ойын – сауық орындарының 36 иесі, сондай – ақ 18 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сатқаны үшін – 25 адам, алкоголь өнімдерін сатқаны үшін-100 адам, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 2843 адам , ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін – 103, – Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ардана Саймағамбетов хабарлады.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеуі болғанымен, бұл бәрімізді тыныштандыра алмайды, өйткені біз ата-аналар балаларымыз үшін жауаптымыз, әр санның артында балаларымыздың тағдыры тұр, шындығында мұндай фактілер болмауы керек және біз бұған барынша күш салуға міндеттіміз, Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларын үнемі бақылауда ұстауды ескертеді.