Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеп тұрған массаждық салон анықталды

Бірнеше сағат ішінде қарағандылық полицейлер карантин режимін бұзған екі массаждық салон және саунаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фактілер Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің аумағында орын алған.12 тамызда шамамен 00.25-те Қарағанды қаласының ПБ ЖБО-ға Ерубаев көшесі бойынша массаждық салон ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері аталған орында болып, ақпарат расталды. Тексеру уақытында массаждық салонда оның қызметкерлері мен тұтынушылары болғандығы анықталған.

Жақында ЖБО-ға сағат 1.25-те Поспелов көшесі бойынша массаждық салон кешкі уақытқа қарамастан жұмысын жалғастырғандығы жөнінде хабарлама түскен. Полицейлер салонда жұмыс істейтін және тұтынушылардың болуын тіркеген, факт дәлелденді. Шамамен 4.25-те Гудермесская көшесі бойынша саунада дабыл жүйесі іске қосылды. Тексеріс барысында аталған мекеменің қызметкерлері мен тұтынушылары ұсталды. Барлық фактілер Орталық полиция бөлімінде тіркелді. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру