Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz
26 қыркүйекте сағат 01:50 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі, Ресей Федерациясының азаматы, Аралтоғай ауылы маңындағы Самара – Шымкент автожолының 999 км жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылып кеткен.
ЖКО салдарынан РФ азаматы, 34 жастағы жолаушы, ЖКО орнында көз жұмып, 39 жастағы екінші жолаушы Әйтеке би ауданының ОАА хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.
ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға және жүргізушілерге шаршаған немесе ауырған жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді.