Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ағаштарды заңсыз кесудің 3 жайтын тіркеді

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесудің 3 жайтын тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау тобының полицейлерімен ҚР табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, оның ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуді анықтау және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. 

Нәтижесінде тәртіп сақшылары жыл басынан бері ағаштарды заңсыз кесудің 3 жайтын тіркеді. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жиналған материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері заңсыз кесілген 6 текше метрден астам ағашты тәркіледі. Бұдан басқа, жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзудың 57 құқық бұзушылығы анықталды. Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 6 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұл салынды, қалғандарына ескерту жасалды. 

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері күз мезгілінде сексеуіл және басқа да ағаштарды отынға заңсыз кесудің алдын алу мақсатында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және табиғатты қорғау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру