Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар кәсіпкерлері колонияда кәсіп ашуға шақырылады

Павлодардың кәсіпкерлері колонияда кәсіп ашуға шақырылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД №46 мекемесінде (қауіпсіздігі барынша жоғары) қала кәсіпкерлері үшін ашық есіктер күні өтті. Жиынға облыстағы шағын және орта бизнестің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің,  «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері шақырылды.

– Колония аумағында тілек білдірген кәсіпкерлер өз кәсіптерін орналастыра алатын бос өндіріс орындары бар. Сотталғандар жұмысқа орналасуға мүдделі, өйткені олар атқару парағы бойынша қарыздарын өтейді, отбасыларына көмек көрсетеді, жалақысынан алименттерін төлейді, – деді мекеме басшысы Ербол Шарипов.

Бүгінгі күні мекеме аумағында 5 бизнес объекті жұмыс істейді, оларда 55 сотталған еңбекпен қамтылған, барлығы өндірістік аймақта 166 сотталған жұмыс істейді.

Сонымен қатар, 3000 шаршы метрді құрайтын бос алаңдар бар, бұл 4 цех, онда 150-ге жуық сотталғанды жұмысқа орналастыруға болады.

Айтпақшы, сотталғандар қазірдің өзінде өндірістік аймақтың түрлі цехтарында жұмыс істеп жүр – мұнда техникалық қызмет көрсету станциясы, металл конструкциялар цехы, ағаш бұйымдарын жасау, тігін шеберханасы бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру