Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Щучинск тұрғыны алдау жолымен велосипедті иеленген

Щучинск тұрғыны алдау жолымен велосипедті иеленген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйекте Бурабай ауданының полиция бөліміне Щучинск қаласының 43 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы хабарлап, өтініш білдірді. Зардап шегушінің айтуынша, 1 қыркүйек бұрын таныс 34 жастағы жергілікті тұрғын велосипедін алдау жолымен иеленген. Шығын сомасы 82 мың теңгені құрады.

Көшеде таныс әйелді кездестірген ер адам дүкенге барып келу үшін одан велосипедін сұраған. Алайда ақмола тұрғыны көлікті қайтып әкелмеген. Өз мүлкін қайтарып беретініне үмітін үзген Щучинск қаласының тұрғыны полициядан көмек сұраған.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскөй велосипедті сатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру