Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері самокаттар мен мопедтерді пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды

Ақтөбе облысының полицейлері самокаттар мен мопедтерді пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Былтырғы жылы облысымызда самокаттар мен мопедтердің қатысуымен 4 ЖКО тіркеліп, 4 адам қаза тауып, 1 адам дене жарақатын алды. Ауа райының жылынуына байланысты электр самокаттар мен мопедтердің қауіпсіз жүрісі туралы түсіндірме береміз, яғни: Электр самокаттар мен мопедтер жүргізушілеріне келесі жағдайда тыйым салынады:

1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;

2) жолаушыларды тасымалдауға;

3) габаритінің ұзындығы немесе ені 50 сантиметрден артық шығып тұратын жүкті тасымалдауға;

4) электрлік самокаттармен және велосипедтермен тіркемені сүйретуге;

5) көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілер өткелімен жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге;

6) жарық шағылыстыратын затсыз тәуліктің қараңғы уақытында жүріп тұруға;

7) түймеленген шлемсіз жүргізуге тыйым салынады. Осы талаптар орындалмаған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатады.

Сонымен қатар электр самокаттардың жүргізушілеріне велосипед жолымен рұқсат етіледі. Жаяу жүргіншілер жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына алты километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен де жүруге рұқсат етіледі.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуға шақырамыз. Жол қателікті кешірмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру