Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей колониясына екі литр алкоголь, ашытқы, үш телефон, құлаққап және қуаттағыш лақтыруға тырысқан. Ер адам оқиға орнында ұсталды. Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына жіберілуіне жол бермеді.

Жедел және режим бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды негізгі қоршау арқылы өткізбек болған 33 жастағы Семей тұрғынын ұстады, жеке тексеру кезінде полиэтилен пакеттен алкогольдің ерекше иісі бар 0,5 литрлік сұйықтық құйылған  төрт пластикалық бөтелке, бір литрлік екі бөтелкедегі ашытқы, үш телефон, екі құлаққап және қуаттағыш табылып, тәркіленді. Семейлік бұл заттарды оған бұрын таныс емес адамдар лақтыруды сұрағанын мойындады.

– Қазіргі уақытта курьерге қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – деп түсіндірді режим бөлімнің тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру