Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін 7 жылға сотталуы мүмкін

Темір ауданының тұрғыны ұлтаралық араздықты тудырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ұлтаралық араздықты тудыратын жазбаны анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында Темір ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Instagram әлеуметтік желісіндегі посттың астына ұлтаралық араздықты тудыратын бірнеше пікір қалдырған. Жүргізілген филологиялық сараптама жазбаның экстремистік сипатын екенін растады.

ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы айлық есептік көрсеткіштің екі мыңнан жеті мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды, не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру