Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері көлік бөлшектерін ұрлаған күдіктіні құрықтады

Ақтөбе полицейлері көлік бөлшектерін ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпкер полицияға автожөндеу шеберханасынан автокөліктің екі беріліс қорабының ұрланғаны туралы арызданды. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында осы ұрлықты жасады деген күдік бойынша облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің түнгі уақытта автожөндеу шеберханасының аумағына кіріп, Mitsubishi автокөлігінің 2 беріліс қорабын ұрлап, таңертең ұрлаған заттарын металл қабылдау пунктіне тапсырғаны анықталды. Кәсіпкер өзіне келтірілген шығынды 500 мың теңгеге бағалады.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұрланған заттар тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру