Ақтөбе құрылыстарының бірінде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның үш азаматын ұстады
28-30 қыркүйек аралығында ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Ақтөбе облысының аумағында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ақтөбе құрылыстарының бірінде заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның үш азаматын ұстады. Жыл басында көрші республиканың тұрғындары жеке мақсатты пайдаланып, Қазақстан аумағына кірген. Бірақ іс жүзінде олар қосымша ақша табуға шешім қабылдап, көші-қон заңнамасын бұзды. Тәртіп сақшылары оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Осы және басқа да бұзушылықтар «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталды. Құрылыстардан басқа, полиция қызметкерлері базарларды, теміржол вокзалдарын және шетелдіктердің тұратын мекен-жайларын тексерді.
А.Арыстановтың айтуынша, «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 43 шетелдік ҚР ҚК 517-бабы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) және ҚР Әкімшілік кодекстің 518-бабы (Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы) және ҚР ҚК Әкімшілік кодекстің 519-бабы (ҚР заңнамасын бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек имигранттарын тарту, ҚР еңбек қызметін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның заңсыз жүзеге асыруы) бойынша жауапкершілікке тартылды.