Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлері 400 қолайсыз отбасыны анықтады

Тәртіп сақшылары тұрмысы нашар отбасыларды тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың басынан бері Ертіс өңірінің полицейлері 400 қолайсыз отбасыны анықтады, отбасылық жанжалдар бойынша 4 мыңнан астам ұйғарым шығарылды, құқық бұзушылардың мінез-құлқына 436 ерекше талаптар белгіленді.

Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында 1-4 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталады.

Осы кезеңде тұрмыста құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді пайдаланғаны үшін медициналық мекемелерде есепте тұрған және айналасындағыларға қауіп төндіретін адамдарды анықтау және есепке қою жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады.

Тәртіп сақшылары ата-аналары алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеумен айналыспайтын, оларға қатыгез қарым-қатынас жасайтын тұрмысы нашар отбасыларды тексереді.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді, оларға қатысты барлық ықпал ету нысандары пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру