Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 25 жастағы есірткі сатушы 11 жылға сотталды

Ақтөбеде 25 жастағы есірткі сатушы 11 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы жігіт сату мақсатында өзінің гаражында синтетикалық есірткіні жасырын сақтаған. Мұндай ақша табу жолын Telegram әлеуметтік желісі арқылы тапқан. Сотта ол өзіне мефедрон мен “альфа PVP” синтетикалық есірткілерін қала бойынша тарату ұсынылғанын айтты.

Осы мақсатта жас жігіт өзінің гаражында сатуға арналған синтетикалық есіркіні орап сақтаған. Сот сотталушының есірткіні сатып алу, сақтау және таратудағы кінәсі толық дәлелденгенін анықтады.

Сот есірткі курьерін 11 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру