Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында мас күйде көлік басқарған 300-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері мас күйде көлік басқарған 300-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер жолда ұсақ бұзушылықтардан бастап, қызыл түске өту және мас күйінде көлік жүргізу сияқты өрескел бұзушылықтарға дейін әртүрлі бұзушылықтар жасайды. 2023 жылдың төрт айында Маңғыстау облысының патрульдік полиция инспекторларымен 34 737 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде телефон пайдаланған – 3 654, қауіпсіздік белдігінсіз көлік басқарған 6 323 жүргізушіге хаттама жасақталған. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының барлық баптарын қоса есептегенде 3 519 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Бағдаршамның тыйым салынған түсінен 620 жүргізуші өтіп, қарсы қозғалыс жолағына 26 жүргізуші өтіп кеткен. Сондай-ақ көлікті ішкілікті күйде басқарған 282 жүргізуші анықталып, олар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жазаланды.

Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, әсіресе тәуліктің қараңғы мезгілінде мұқият болу керек екенін ескертеді. Жаяу жүргіншілер өтпеліне жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендету қажет, әсіресе балалардың күтпеген жерден келуі мүмкін жерлерде сақ болыңыздар! Жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін жыл басынан 494 жүргізушіге әкімшілік хаттама жасақталса, осы кезеңде төрт мыңға жуық жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өтіп, заң бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру