Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында жыл басынан бері браконьерлерден 558 келіден астам балық алынды

Маңғыстау облысында жыл басынан бері браконьерлерден 558 келіден астам балық алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полиция департаменті өсімдіктерді қорғау және браконьерлікпен күрес саласында бірқатар іс-шаралар өткізді. Төрт ай ішінде Маңғыстау облысында табиғат қорғау заңнамасы бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды Тіркелген қылмыстардың ішінен балық ресурстарын заңсыз алудың үш дерегі, өсімдіктердің және жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысудың 10 дерегі анықталды. Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес 221 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды және олар бойынша хаттамалар жасақталды.

Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзуға қатысты – 144, балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу – 40, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалардың инфрақұрылым объектілерін бұзу бойынша жасыл желектерді жою және бүлдіруге қатысты 33 хаттама толтырылды және тағы өзге де құқық бұзушылықтар тіркелді.

Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардан 558 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті өз кезегінде өңір тұрғындарын табиғатты қорғауға, табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады, сондай-ақ браконьерлікпен айналысып, заңды бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру