Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде азаматтарға арналған қабылдаулар өз есігін ашты

Қалалық полиция бөлімдері мен Ақтөбе облысы ПД және оның бөлімшелері жанынан азаматтарға арналған қабылдаулар өз есігін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» өз жұмысын Ақтөбе облысы ПД барлық бөлімшелерінде бастады.

Айта кету керек, Ақтөбе облысында «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» заманауи ғимараты пайдалануға берілді, онда азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдау, консультативтік көмек көрсету үшін арнайы кабинет жұмыс істейді. Фронт-кеңсе форматындағы азаматтармен ынтымақтастық-азаматтардың қандай да бір проблемалық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін болады.

Келушілерді білікті кеңесшілер қарсы алады, онда азаматтар сұрақтарға құзыретті жауап ала алады, өтініш бере алады немесе түсініктеме алады.

Оларда жұмыс халыққа қызмет көрсету орталықтарының қағидаты бойынша жүргізілуде. Азаматтар қабылдау бөлмелеріне түрлі мәселелер бойынша жүгінеді – бұл көші-қон заңнамасы мәселелері, қандай да бір қылмыстық істерді тергеуге байланысты мәселелер.

Бұл фронт-кеңселер полиция қызметкерлерімен кедергісіз жағдайда тілдесу тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең бастысы – сапалы білікті көмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру