Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адамнан 9 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақтөбеде ер адамнан 9 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарда Ақтөбеде “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Гришина көшесіндегі аулалардың бірінде 44 жастағы ер адамды байқап, тоқтатты. Тексеру кезінде есірткі заты бар 35 полиэтилен түйіншегі тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат – салмағы 2 келіден асатын марихуана. Сондай-ақ ұсталған адам есірткілік масаң күйде болған.

Әрі қарай тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адам бұл затты таныс адамынан алғанын түсіндірді. Есірткі сатушының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлері балконнан 7 келіден астам марихуанаға ұқсас затты тәркіледі.

ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы 3 млн. теңгеден асады. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады.

Сатушы мүлікті тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру