Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар ауыл тұрғындарымен спорттық сайысқа түсті
Ақтөбеде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар ауыл тұрғындарымен спорттық сайысқа түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ырғыз аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ауыл тұрғындары үшін ұйымдастырған спорттық мәдени іс-шарасына қатыстырды.
Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай өткізілген іс-шарада сотталған азаматтар "Кір тасын көтеру", "Арқан тартыс" және "Қол күресінен" сайысқа түсті.
- Есепте тұрған сотталғандардың қоғаммен араласуы, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуі - олардың қоғамға тез бейімделуіне және жауапкершілікті сезінулеріне көмектеседі. Сондықтан сотталған азаматтарды осындай спорттық мәдени іс-шараларға алдағы күндері де қатыстыратын боламыз, - дейді Ырғыз аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Есет Әбдіразақов.