Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан айырылған Land Cruiser жүргізушісі тағы да мас күйінде ұсталды

Ақтөбеде көлік жүргізу құқығынан айырылған Land Cruiser жүргізушісі тағы да мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйек күні сағат 18:51-де Қандыағаш қаласындағы “Дружба” шағын ауданында патрульдік полиция қызметкерлері 44 жастағы Қандыағаш қаласының тұрғынының басқаруындағы “Тойота Ланд Крузер” автокөлігін тоқтатты. Ол көлікті жүргізу құқығынан айырылған адам бола отырып, көлікті “жеңіл дәрежеде” мас күйінде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген 915 жүргізушіні және бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 267 жүргізушіні анықтады.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік мас күйінде көлік құралдарын жүргізбеуді сұрайды және ескертеді, Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру