Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде есірткі алқаптарын егумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады

Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде есірткі алқаптарын егумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5547 әскери бөлімінің жасақтарымен ҚР ІІМ-нің 2021 жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес 1 маусым мен 30 қазан аралығында Республика аумағындағы өтіп жатқан “Қарасора-2021” арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабы анықталды.

10 қыркүйек Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының МИ-8 үлгісіндегі тікұшақпен далалық аумақтарды барлау кезінде Арал ауданы Жеңішкеқұм ауылынан 100 шақырым жердегі есірткі алқабынан Қызылорда қаласының 35 және 58 жастағы тұрғындары 2479 түп сора өсімдігін өсіріп баптағаны үшін қылмыс үстінде айғақты заттарымен қоса құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігі бойынша (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi ірі мөлшерде заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерін азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсеткен Қызылорда қаласының 39 және 42 жастағы тұрғындары, яғни қылмыстық топ басшыларының қылмыстық іс-әрекеттері дәлелденіп, топ басшылары дер кезінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру