Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші қамауға алынды

Ақтөбеде көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада сағат 23.00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Есет батыр тұрғын үй алабының 4-шағын ауданында жол ережесін бұзғаны үшін ВМВ Х5 автокөлігі тоқтатылған.

Рөлді 44 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан және жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйде екенін растады. Сондай-ақ жас жігіттің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру