Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жоғалған 13 қой иесіне қайтарылды

Ақмолада жоғалған 13 қой иесіне қайтарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

15 қарашада Ерейментау ауданының полиция бөліміне Новомарковка ауылының 30 жастағы тұрғыны 12 қараша күні еркін жайылымнан жоғалып кеткен 13 ұсақ малын іздестіруге көмек сұрап жүгінді.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Ауыл тұрғынының айтуынша 12 қарашада 13 қой ауылдан 3-4 шақырым қашықтықта еркін жайылымда болған. Түскі астан кейін ол жануарларды көрмеген. Өздігінен іздеу сәтсіз аяқталған.

Тек үш күннен кейін ақмолалық полицейлерден көмек сұрады. Өтініш берушінің айтуынша, сол күні жел тұрып, қар жауған.

Жеті тәулік бойы жалғасқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ерейментау ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Целиноград ауданының Приречное ауылының маңындағы дала алабынан жоғалған қойларды тапты. Жануарлар иесіне қайтарылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру