Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы жас динамошыларға ақ жол тіледі

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков жас динамошыларға ақ жол тіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда “Динамо” ДШСҚ-да 300 спортшы әртүрлі секцияларда спортпен айналысады. Олардың ішінде самбо сабақтары сұранысқа ие болып отыр.

Жас самбошылармен көрсетілімді жаттығуды белгілі қостанайлық полицей спортшылар өткізді. Жас спортшыларға Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков ақ жол тіледі.

– “Динамо” ДШСҚ базасында барлығының да спорт түрлерімен тегін айналысуға мүмкіндігі бар. Мұнда жастар арасында спортты дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бұл спорттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған жақсы шара болып табылады. “Динамо” спорттық қозғалысы-біздің мақтанышымыз. Сіздер біздің кадрлық әлеуетімізсіндер деп санаймын. Сондықтан біз сіздерді полиция қызметінде күтеміз, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков.

Бұл жолы жаттығуды самбодан спорт шебері, самбодан Қазақстан чемпионатының чемпионы және жүлдегері, полицей Темірлан Сапаров, джиу-джитсудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қоян-қолтық жекпе-жектен спорт шебері, грэпплингтен спорт шебері, джиу-джитсудан 2022 жылғы Азия чемпионы, полицей Жанат Кулесов және қоян-қолтық ұрыс пен панкратионнан, жауынгерлік самбодан, джиу-джитсудан спорт шебері, түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың чемпионы, полицей Аманбек Жаманқараев өткізді.

Айта кету керек, әр түрлі жастағы самбошылар “Динамо” ДШСҚ-да тәжірибелі жаттықтырушылармен айналысып, түрлі біріншіліктерде жоғары нәтижелер көрсетуде.

Мысалы, Шыңғыс Сағындық жас екеніне қарамастан самбодан Қазақстанның жүлдегері.

– Маған бұл спорт түрі өте ұнайды. Мен онымен бірнеше жылдан бері айналысып келемін. Достарыммен жаттығуға қуана барамыз. Бізбен тәжірибелі жаттықтырушылар айналысады. Олар бізге өздері білетін барлық нәрсені үйретеді. Біз өз кезегінде олардың үмітін ақтауға тырысамыз және жарыстарда барлық шеберлігімізді көрсетеміз, – деді ол.

Жаттығу соңында спортшылар Полиция департаментінің бастығымен естелік суретке түсті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру