Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбеде мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілдеде сағат 21:00-де Тайманов көшесінде патрульдік полиция жасағы қызмет атқару барысында 23 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сонымен қатар көлікті “орташа” дәрежелі мас күйінде басқарған.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлікті басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 95 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру