Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қыркүйекте сағат 18.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Пожарский көшесі мен Қазанғап көшесінің қиылысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes-Benz маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны, сонымен қатар ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқару) тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласының ІІБ-не қамалдыАвтокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру