Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда мас күйде ЖКО жасаған жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды

Атырауда мас күйде ЖКО жасаған жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығанан айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек күні сағат 17:30 шамасында Молдағұлова көшесінің бойындах Hyundai Accent маркалы көлігінің жүргізушісі бір бағытта алдында келе жатқан Hyundai Elantra маркалы көлік кұралына соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Аталған оқиға бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тексеріс барысында Hyundai Accent маркалы автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісінің көлікті ішімдік ішкен күйде басқарғандығы белгілі болды.

38 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік кұралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ішімдік ішкен күйде көлік басқарған 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру