Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар балабақшаны абаттандыру жұмыстарына атсалысты

Ойыл аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері пробация есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара кезінде Ойыл аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар осы аудандағы “Асанәлі” балабақшасының ауласын артық шөптерден және қоқыстардан тазалап, балаларға арналған ойын алаңын сырлап берді.

–  Біз биылғы еріктілер жылы аясында есепте тұрған сотталғандарды қатыстыра отырып, балабақшаға осындай қуаныш сыйлағымыз келді.
Бір жағынан есепте тұрған сотталғандарды осындай жұмыстарға тарту арқылы оларды қоғамнан оқшауламай, керісінше қоғамға бейімдеу біздің мақсатымыз. Сонымен қатар олардың бұл ісі басқа да есепте тұрған азаматтарға үлгі болса екен дейміз, – деді Ойыл аудандық пробация қызметінің инспекторы Асхат Салик.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру