Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандар жұмысқа орналасты

Ақтөбеде пробация есебіндегі сотталғандар жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметі қалалық жұмыспен қамту орталығында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне есепте тұрған 10 жұмыссыз сотталғанды қатыстырды.

Жәрмеңке нәтижесімен, аталған пробация қызметінің есебінде тұрған есепте тұрған үш сотталған қаладағы ірі кәсіпорындарға жүк тиеуші, жұмысшы-сатушы және әдіскер ретінде бос жұмыс орындарына орналасу үшін жолдама алды. Олардың екеуі қазіргі таңда жұмысқа орналасты, бір сотталған құжаттарын жинақтауда.

Айта кету керек, пробация есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамтудағы мақсат – қоғамнан оқшаулауды қажет етпейтін жаза түрлеріне сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, болдырмау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру