Ақтөбеде пробация қызметкерлері есептегілердің тарапынан 13 құқық бұзушылықты анықтады
Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметкерлері есептегі тұрғандар тарапынан 13 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13-24 наурыз аралығында облыстық “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасында Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің инспекторлары облыстық Полиция басқармасының учаскелік инспекторларымен бірге кешкі мезгілде пробация есебінде тұрған 183 сотталғанды мекенжайлары, жұмыс орындары бойынша тексерді.
“Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде мекенжайлары бойынша тексеру барысында есепте тұрған сотталғандар тарапынан 13 құқық бұзушылық анықталып, “Бас бостандығынан шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру” бойынша 14 ұсыным Ақтөбе қаласының №2 сотына жіберілді.
Сонымен қатар, іс-шарада №2 қалалық полиция бөлімінің ғимаратында облыстық ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімі бастығының орынбасары Мейрам Дильмухамбетов және облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Амантурлы Такешевтің басшылығымен, пробация қызметі және учаскелік инспекторларымен кездесу ұйымдастырылды.
– Кездесу іс-шарасының мақсаты – жаңа қылмыс жасаудың алдын алу бойынша пробация қызметтері және полиция бөлімдерінің өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру және алдын алу есебінде тұрған тұлғаларға ерекше назар аудару. Сондай-ақ, кездесуде ҚАЖ департаментінің пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімі мен облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылықтарымен қайта қылмыс жасау тәуекелділігін анықтау үшін сауалнама әзірленіп, нәтижесінде пробация қызметі мен учаскелік инспекторлардан құралған мобильді топтар ұйымдастырылды, – дейді Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов.