Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметкерлері сотталғандардың балаларын қуантты

Ақтөбеде пробация қызметкерлері сотталғандардың балаларын қуантты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аяз ата мен ақшақар келетін жаңа жыл- кішкентай бүлдіршіндер мен балалар үшін асыға күтетін ерекше мереке. Осыны ескерген Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық пробация қызметі 20 желтоқсанда “Астана” ауданы әкімдігінің қолдауымен, пробация қызметінің есебінде тұрған жағдайы төмен отбасылардың балаларын жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар таратты.

“Астана” ауданының әкімдігі ұйымдастырған Аяз ата мен ақшақар, мерекелік іс- шарада азқамтылған алты сотталған отбасындағы 10 бүлдіршінге жаңа жылдық сыйлықтар таратып, балаларды қуанышқа бөледі.

Балаларының көздерінен қуанышты көрген ата-аналары көздеріне жас алып, игі іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

– Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен армандар ұялататын, жақсылыққа толы жаңа күндерді елестететін мереке. Жүректерге жылу сыйлайтын осындай іс-шаралардың аяғын шалыс басқан сотталғандарды түзелу жолына тәрбиелеуде көмегі тиетініне сенімдіміз,–дейді Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жұмагүл Ешниязова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру