Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметкерлері сотталғандарға “жалған ақпараттың” салдары туралы айтты

Ақтөбеде пробация қызметкерлері сотталғандарға “жалған ақпараттың” салдары туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандар арасында террористік сипаттағы анонимдік, оның ішінде интернет арналары арқылы келіп түсетін хабарламаларға қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға арнайы шақырылған Ақтөбе облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс қимыл бөлімінің жедел уәкілі Дархан Ахметов пен “Ақниет ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы” қоғамдық қорының теологы сотталғандарға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағанның салдары т.б. туралы әңгімелеп берді.

– Соңғы кездері терроризм актісі туралы жалған хабарлама беріп, ұсталған азаматтар саны көбейді және олардың бұл іс-әрекеті құқық қорғау органдарының жұмысына кесірі тиіп келеді. Бір ғана мысал, “жарылғыш зат қойылған” деген бір ғана жалған ақпарат құқық қорғау органдарының, жедел жәрдем, білім беру және т.б. осы жалған ақпаратқа қатысты орындардың жұмысын уақытша тоқтатып, қосымша шығын келтіреді.
Дегенмен, құқық қорғау органдары осы секілді қылмыстарды анықтау және қылмысты тез арада ашу мақсатында жаңа техникалық құралдармен жабдықталған және оларда тәжірибелі мамандар жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, осындай қылмысты жасағаны үшін кез келген азаматтың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік арқалайтынын ескергеніміз жөн, – дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс қимыл бөлімінің жедел уәкілі Дархан Ахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру