Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері сала ардагеріне көмек көрсетті

1 қазан – Қарттар күніне орай Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №70 мекеме қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінің ардагері Бақытқали Зулкашевтің үйіне барып, тұрмыстық шаруаларына қолғабыс көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ізгілікке толы кездесу барысында қызметкерлер ардагердің ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар үй шаруасына қажетті көмек көрсетті.

Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері – саналы ғұмырын сала қызметіне арнап, оның дамуына үлес қосқан, кейінгі буынға мол тәжірибесі мен кәсіби білімін қалдырған азаматтар.

Қарияларға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалап, көңіл бөлу – халқымыздың ежелден келе жатқан ізгі дәстүрлерінің бірі. Ардагерлерге көрсетілген әрбір қамқорлық – олардың ұзақ жылғы еңбегіне деген шынайы алғыстың белгісі.

Кездесу соңында мекеме қызметкерлері ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тіледі.

Ардагерге құрмет көрсету – кейінгі ұрпаққа өнеге. Үлкендердің ақ батасы мен өмірлік тәжірибесі әрдайым қастерлі құндылық болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру