Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ҚАЖД бастығы ардагерлерді құттықтады

Ақтөбеде ҚАЖД бастығы тыл еңбеккерлері, сала ардагерлерін мерекемен құттықтап үйлеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев, Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуына үлес қосқан тыл еңбеккерлері: түзеу мекемелерінде қызмет еткен сала ардагерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды.

Сала ардагерлерін құттықтаушылар қатарында ҚАЖ департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыпкерей Баймағамбетов және кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Руслан Салкымбаев та болды.

ҚАЖ қызметкерлерінің құрметіне ие болған тыл еңбеккерлерінің қатарында мекемелерде бақылаушы қызметін атқарған: Анна Григорьевна, Потапов Анатолий Васильевич, Батракова Александра Андреевна, Фролова Александра Ивановна, Кирякова Галина Федоровна, Робу Евдокия Александровна және Горустович Алексей Васильевич бар.

– ҚАЖ саласының ардагерлерінің бір кездері елі, келешек ұрпағы үшін атқарған игі істеріне алғысымыз шексіз. Еліміздің өсіп өркендеуі және біз секілді ұрпақтың бейбітшілікте өмір сүруі- осындай бейбіт заманға үлес қосқан Сіздердей ардақты қарттарымыздың арқасы деп білеміз.
Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуында Сіздердің алар орындарыңыз айрықша. Сонымен қатар, осы қызметте жүрген әріптестеріңіз Сіздерден үлгі алады, – деген департамент бастығы Алмас Шамишев, сала ардагерлеріне амандық, денсаулық тіледі.

Сонымен қатар, ҚАЖ қызметкерлері тыл еңбеккерлеріне мерекелік үстелге арналған азық-түлік себеттерін жеткізіп берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру