Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде скутер жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбеде 18 шілдеде кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 шілде күні сағат 22:37-де Ә.Молдағұловамен Әбілқайыр хан даңғылдарының қиылысында кісі өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы орын алды.

Байғанин ауданының 1982 жылы туған скутер жүргізушісі Ә.Молдағұлова даңғылымен келе жатып, Есет батыр көшесі бағытында бағдаршамның тыйым салынған сигналынан өтіп кетіп, 1960 жылы туған ақтөбеліктің басқаруындағы “ВАЗ-21103” автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 19 шілдеде алған жарақатынан есін жинамай, ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды. “ВАЗ-21103 “автокөлігінің жүргізушісі сараптамаға сәйкес, ішімдік ішпеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру