Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде танысына пышақ жарақатын салған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды

Ақтөбеде танысына пышақ жарақатын салған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 мамырда ақтөбелік азамат бірнеше пышақ жарақатымен жедел жәрдеммен Ақтөбе қаласыныдағы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне түскен.

Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 29 жастағы ер адам танысымен сөзге келіспей қалып, жанжал кезінде жәбірленушіні ұрып-соғып, пышақ жарқатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігімен іс қозғалды.

30 мамырда Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Оның бірнеше рет сотталғаны, деструктивті діни ағымның жақтаушысы екендігі анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен ұрлық үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Ұсталған азамат алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру